Четверг, 11 Июль 2019 13:08

Түркістан облысы: Жетісайда «Ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іс» атты тәрбие сағаты өтті

Жетісай ауданы Қазыбек би ауыл округіне қарасты Қазыбек би ауылының №6 кітапханасында балалар және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іс» атты тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың бойына адамгершілікті қалыптастыру, ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты іске баулу.

«Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты баяндамада кітапханашы Асабаева Күмісай қыздар тәрбиесі туралы айтып өтті. Қазыбек би ауылдық округінің әжелер алқасының төрайымы Г.Каримбаева ұрпақ тәрбиесі туралы өзінің ой-пікірін білдірді. Іс-шараға қатысқан балалар ұрпақ тәрбиесі туралы көп мәліметтер алды.

Сондай-ақ, осы ауданның Жылы су ауыл округі Жылы су ауылының №8 кітапханасында көпшілік оқырмандарға арнап «Болашаққа мықты денсаулықпен» атты денсаулық бұрышы ұйымдастырылды. Іс-шара оқырмандарға өз денсаулығын сақтау мен нығайтудағы көзқарасын қалыптастыруға баулып, денсаулықтың адам өмірі үшін аса қажеттілігі, оны сақтай білудің маңыздылығы, зиянды әрекеттерден сақтандыру, денсаулықтың өмір сүру үшін бағалы байлық екенін түсіндіру мақсатында өткізілді. Іс-шарада кітапханашы Ержигитова Назира денсаулық, салауатты өмір салты туралы әдебиеттерді насихаттады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 730 times