Пятница, 05 Июль 2019 13:44

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында ҰБТ-да жоғары балл жинаған оқушыларды марапаттады

Елорда күні қарсаңында аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан 130 балдан жоғары жинаған оқушыларды арнайы қабылдап, салтанатты жағдайда марапат жасады. 

Биылғы оқу жылы Сарыағаш ауданы үшін өте нәтижелі болып отыр. Аудандағы білім деңгейінің көрсеткіші жоғары болып, өткен жылдармен салыстырғанда, сапа деңгейі әлдеқайда көтерілгендігін аудан басшысы ерекше атап өтті. Сондай-ақаудан әкімі ҰБТ сынағынан ең жоғары көрсеткіш 140 балл жинап, аудан абыройын асқақтатқан Қасымжан АдилжанұлыЖұбайды арнайы құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаты мен ноутбук сыйға тартып, құрмет көрсетті. Ал анасы ВенераТемированың иығына қамзол жауып, қаржылай сыйлық ұсынды.

Бұдан өзге жиын барысында облыстық һәм республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері мен ҰБТ сынағында 130 балдан жоғары жинаған түлектер де аудан әкімінің алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 1021 times