Понедельник, 08 Июль 2019 11:31

Түркістан облысы: Арыстық 100 оқушыға мектеп құралдары табысталды

«Біз Арыспен біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласы Ә.Жангелдин атындағы мектептеАлматы қаласы «StartTimе» ЖШС-нің бастамасымен «Мектепке даярлық» атты 100 оқушыға сөмке, оқу құрал-жабдықтары мен қоса мектеп формасын табыстау рәсімі өтті. Аталмыш шараның ұйымдастырушысы – Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы. 

Бұл сыйлықтар «StartTime.kz» порталында Арыс қаласына көмек ретінде 400-ден аса қазақстандықтан жиналған2 млн. 700 мың теңге қаражат есебінен жасалды.

Игі бастаманың басы-қасында «StartTime» ЖШС-нің директоры АзизаӨтегенова, Түркістан облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығы мамандары және Арыс қаласы білім бөлімінің басшылығы болды.

Айта кетейік, 26 маусымнанбастап «StartTimе» ЖШС-нің еріктілер тобы Шымкент қаласындағы эвуакуациялық пункттерде көмек көрсетті. Осы көмектен соң, жиналған 1,4 млн.теңге қаражатты Арыс қаласындағы көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке арналған сөмке тағы басқа оқуға қажетті жабдықтар алуға жұмсау туралы шешім қабылдаған болатын.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 784 times