Четверг, 08 Август 2019 09:23

Түркістан облысында 184 мектеп салынады

Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам балаға арналаған 184 мектеп салынады. Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде. Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға берледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі. Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і 2017-2018 жылдардан өтпелі.

Еске салайық, биыл Төлеби ауданында 6 мектептің құрылыс жұмыстары басталған. Бүгінде нысанның конкурстық құны 324 млн. 985,5 мың теңгені құрап отыр. Аталмыш мектеп Ленгір, Киелітас, Ақбастау, Көксәйек елдімекендерінде бой көтеретін болады. Жоспар бойынша мектеп жаңа оқу жылына қарай пайдалануға берілетін болады. Жақында ғана аталған құрылыс нысандарымен Төле би ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков танысып, биыл пайдалануға берілетін нысандардың жағдайын өз көзімен көріп, мердігер компанияларға нақты тапсырма берген болатын.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 598 times