Пятница, 09 Август 2019 11:53

Түркістанда «Мектепке жол» акциясы аясында балаларға оқу құралдары табысталды

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы аз қамтылған отбасыдан шыққан 55 балаға мектепке қажетті формалар алып берді. Шара республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылуда. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған.

Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында дәстүрлі түрде он екінші жыл жүзеге асуда. Акция өткізілген он бір жыл ішінде 2 млн 600 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд 800 миллион теңгеден астам материалдық көмек көрсетілген. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен, киіммен қамтылмақ. Дегенмен, биыл акция бір ай ерте, яғни 1 шілдеден басталды. Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында жылжымалы пункттер, сондай-ақ еріктілерді тартумен мобильді топтар ұйымдастырылуда. Бүгінгі таңда Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын 87 515 отбасы, оның ішінде 508 828 адам бар.

Жыл басынан бері «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының қоғамдық жылына көмек сұрап 50 оқушы тіркелген. Сонымен қатар, «Жас Отан» жастар қанатының қамқорлығында 5 оқушы бар. Жалпы саны 55 балаға қуаныш сыйлауды мақсат тұтқан партия ұжымы оқушыларға жаңа оқу жылында оқуда озат болуды тілеп, сыйлықтарын табыстап, акция кезегін аудан, қалалық филиалдарға тапсырды. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Қалыйма Жантөреева балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сыйлықтарды табыс етті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 826 times