Среда, 16 Октябрь 2019 12:13

Дүниежүзілік стандарттар күніне орай шымкенттік мамандар марапатқа ие болды

14 қазан - Дүниежүзілік стандарттар күніне орай Шымкентте «Бейнедегі стандарттар әлемдік аренаны жасайды» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен шарада бизнес өкілдеріне стандарттаудың жай-күйі түсіндірілді.

Жыл сайын Халықаралық стандарттау ұйымына кіретін барлық елдер Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Бұл адамдардың назарын жалпыға ортақ стандарт жүйесін жасаудың маңыздылығына аудару. Түрлі ұранмен өтетін шара биыл бейне технологиялар саласындағы жетістіктерге арналды. «Бейне технологиялар саласындағы жетістіктер ойын-сауықтың төңкерісі, әлемдегі достар мен отбасылардың байланысы, қарым-қатынас тәжірибемізді байытып, медициналық көмек пен білім беруді едәуір жақсартуға мүмкіндік беру арқылы әлемімізді өзгертті» - дейді «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Сәкен Бейсеев.

Соңғы онжылдықта инновациялар бейне сапасының айтарлықтай өсуіне әкелген. Айжамал Түлекбаева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі. Бұл салада еңбек етіп жүргеніне 30 жылдан асыпты. Тәжрибелі маман төккен терінің  бағаланғанына дән риза. «Өте қуаныштымын. Жұмысымды бағалап, марапаттағандарына ризамын. Жыл  сайын мұндай дөңгелек үстелдерге қатысам. Мұндағы өзгерістерді студенттеріме үйретемін» - дейді ол. Айта кетейік, стандарттар күні 1970 жылдан бастап аталып келеді. Бұл жүйе экономиканы дамытудың негізгі күші болып табылады.  Дөңгелек үстел отырысына  қатысушылар халықаралық стандарттау, техникалық реттеу жүйесін дамытудың басым бағыттары бойынша ақпараттарымен бөлісті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Read 568 times