«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бізге серпін берді. Оның бір дәлелі – «Қобыланды батыр» жырын жатқа айту бойынша ұйымдастырылған байқау. Ұрпақ тәрбиелеуде батырлар жырын оқыту, оны қайта жаңғырту игі бастама деп білемін. Біз атадан қалған сырлы сөздер мен бай мұрамыз арқылы жаңғырамыз. «Тұлпар мініп, ту алған!» секілді жобалар негізінде бойына баға жетпес руханият сіңірген, ұлттық рухы мықты ұрпақ өсетініне бек сенімдімін» - деді қала басшысы.
Жиында сөз алған «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасының жетекшілері алдағы уақытта мұндай рухани шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді.
Айта кетейік, соңғы үш жылдан бері қолға алынған республикалық байқауға қатысушылар саны артып келеді. Былтыр «Алпамыс батыр» жырын жаттағандар, келесі жылы «Едіге батырды» ұлықтайтын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.