Среда, 13 Ноябрь 2019 19:52

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында демеуші есебінен жаңа білім беру орталығы ашылды

Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан ауданда заман талабына сай, жаңа, сәнді ғимараттар бой көтеріп, аудан көркіне көрік қосып, уақыт өткен сайын ажарлана түсуде. Осы мақсатта ауданға қарасты Түлкібас кентінде жеке кәсіпкер О.Байсеріковтың қаржыландыруымен білім, спорт, өнер және тәрбие салалары бойынша қосымша білім беретін орталық ашылып, халық игілігіне берілді. 

Орталықтың ашылуына ел ағалары мен аудан әкімінің орынбасары арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл халқының қуаныштарымен бөлісті. Сонымен қатар аталған кәсіпкердің ұйытқы болуымен сауда орталығы да пайдалануға берілді. Бұл ретте аталған орталық пен сауда орнына 27 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылып отырғанын атап өткен жөн. Жалпы, кәсіпкерлікті дамыту арқылы ел экономикасын жақсартып, халықтың әл-ауқатын түзеуге болатынын уақыт өзі дәлелдегелі қашан! Ал бизнесті өркендетуге мемлекет тарапынан қолдау жеткілікті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 747 times