Фестивальдің мақсаты студенттер күнін жоғары деңгейде атап өту, жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту және дарынды жастарға қолдау көрсету болып табылады. Фестивальде аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Полатов және «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құдірет Қыстаубаев студенттерді мерекесімен құттықтап, үздік студенттер мен ұстаздарды арнайы аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Фестивальдің барысында аудандағы Қабланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Арыстанбаб жоғары колледжі, Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі, Сарыағаш медресе колледждердің өнерлі студенттері би билеп, ән шырқап, студенттік өмірден көріністер көрсетіп, көрерменнің көңілін көтерді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.