Орталық саябақтағы шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы маңызды бағыттар бойынша өрбіді. Балғындардың шығармашылық туындыларына көрме ұйымдастырылды. Игі бастаманы Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебі қолға алған.
«Бізге балалардың көңілінен шығу, осы күні төбесін көкке екі елі жеткізбей қуанту өзімізге де үлкен керемет көңіл-күй сылайды. Мектебіміздің балалары «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп, көлемді іс-шараны өткізді» дейді Шымкент қалалық балалар көркемсурет мектебінің директоры Тояш Оразова.
Орталық саябақтағы басталған мерекелік шара Облыстық балалар қуыршақ театрының қойылымына ұласты. Мұнда келген балалардың саны 90-ға жуық. Олар шығармашылық ұжымның биылдыққа ұйымдастырған 68-ші қайырымдылық шарасына куә болды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.