Вторник, 24 Июль 2018 15:49

Шымкент: Білім беру саласындағы жаңашылдықтар өз жемісін бере бастады

Шымкент қаласындағы 128 мектептің барлығында "Күнделік" электронды журналы мен күнделік жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде шаһардағы оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық деңгейі 75%-ға азайды. 

Мобильді қосымшаны енгізу «мектепата-анаоқушы» байланысын түзіп, ата-аналардың бақылауын күшейтуге, олардың сабақ процесіне белсене араласуына мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде оқушылардың мектепке себепсіз келмеуі мен сабаққа себепсіз қатыспауы 10 есе азайдыбалалар арасындағы құқықбұзушылық 75%-ға, жеткіншектер арасындағы құқықбұзушылық 12%-ға кеміді, оқушылардың сабақ үлгерімі жақсарды.

Білім беру саласын цифрландырудың тағы бір жобасымұғалімдерді қызметке автоматты түрде қабылдау жүйесі. Егер бұған дейін педагогикалық лауазымдардан үміткерлер (педагогикалық жоғары оқу орындарының түлектерін қоса алғанда) әр мектептегі бос орынды бөлек іздеп келсе, бұл жүйені енгізудің нәтижесінде олар веб-сайтқа онлайн-өтініш беріп қана қоймай, ашық конкурстан өту мүмкіндігіне ие болды. Соның нәтижесінде арыз-шағымдар 90%-ға кеміді, педагогикалық құрамның сапасы жақсарды, сыбайластық тәуекелдер азайдыБүгінгі күнге дейін 2409 өтінім қабылданып, 1063 маман онлайн конкурсқа қатысқан. 780 маман жұмысқа орналасыпты.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1226 times