Понедельник, 20 Август 2018 11:04

Түркістан қаласындағы IT-сынып қолданысқа дайын тұр

«Нұр Отан» партиясының әлеуметтік салаға бағытталған жаңа бағдарламасы аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес-құрылымдар өкілдерімен бірлесіп, программалау және робототехника негіздерін терең оқып-үйрену үшін еліміз бойынша 1000 тегін IT-сыныптар ашуды жоспарлаған болатын. 

Осыған орай Түркістан қаласында 1000 тегін «IT-сынып ашу» бастамасымен Балалар мен жасөспірімдер орталығынан ІТ кабинетке 4 296,0 мың теңге қаралып, кабинет жабдықталды. Қазіргі таңда ІТ кабинет мұғалімі арнайы курстан өтіп жатыр. Бұл IT-сыныптардың өскелең ұрпақ үшін мәні мен маңызы ерекше. Себебі ол мектеп оқушыларының қарапайым алгоритмдер құру, еуропалық білім беру стандарттары бойынша бағдарламалар және WEB-сайттар жасау дағдыларын меңгеруіне жағдай туғызады. Бұл ретте болашақта технопарктер де ашу жоспарланып отыр. Бұл алдыңғы қатарлы цифрлық дағдылар мен білімнің қолжетімділік проблемасын шешуге мүмкіндік береді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1099 times