Суббота, 25 Август 2018 05:38

Жетісай ауданы Ақтөбе ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді

Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген Жансейіт Түймебаев Құзылқұм ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елдімекеніндегі 300 орындық жалпа орта мектептің ашылу салтанатына қатысты.

Жиналған жұртшылықтың қуанышымен бөліскен өңір басшысы алдағы жылы облысымызда 40-қа жуық білім ұясының құрылысы басталатынын айтты. «Мұндай мектептердің қатары жыл санап арта түсетін болады. Бұл Елбасының Түркістан облысының халқына деген ерекше қолдауының арқасында іске асып жатқанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан осындай заманауи мектептердегі білім сапасы да жоғары болуы тиіс», - деді Жансейіт Қансейітұлы. 

Құрылысы 2017 жылдың тамыз айында басталған білім ұясының жалпы сметалық құны – 819 млн 541 мың теңгені құрайды. Оның 737 млн теңгесі республикалық, ал 81 млн теңгесі облыстық бюджет есебінен бөлінген.  Мұндағы құрылыс жұмыстарын жергілікті «Нұрлі-Л-Жетісай» ЖШС-гі 9 айда сапалы да сәнді етіп аяқтап отыр. Ғимараттың жалпы ауданы 6936,39 текше метр. Заманауи үлгідегі ғимаратта оқушылар асханасы, 150 орындық акт және спорт залдары біркелкі пайдалану негізінде салынған. 

 «AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1022 times