Вторник, 04 Сентябрь 2018 15:10

Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы ескі мектеп ғимараттары қайта құрылымдаудан өтпек

Жетісай ауданына қарасты Қызылқұм ауылдық округіндегі Ябек Есенбеков атындағы ескі мектеп алдағы уақытта 200-ге жуық оқушынының жазғы демалысын қамтамасыз ететін лагерге айналмақ. Ол үшін бір жылдан бері қолданыссыз жатқан мектепте барлық мүмкіндіктер бар. 

Яғни оқу ғимараттары мен ойын алаңшасын қайта қалыпқа келтіруге болады. Аумағы екі жарым гектарды құрайтын нысанды қайта құрылымдау үшін тез арада жобалық-сметалық құжаттама әзірленуі тиіс. 

Сондай-ақ Ж. Ералиев ауыл округіне қарасты қазір қолданыстан алынған «Сырдария» орта мектебінде 100 оқушыға лайықты лагерь ету мәселесін қарастыруымыз қажет. Бұл туралы аталған білім ошақтарын аралап көру барысында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті. 

Алдымен аудан басшысы Ябек Есенбеков мектебінің бүгінгі жай-күйімен танысып, ескі нысандарды қайта құрылымдап, лагерьге икемдеуге болатынына көз жеткізді. Осы ретте әкім мектеп аумағына күзетті күшейтіп, қажетті құрылыс материалдарының қолды болып кетпеуін тапсырды. 

Алдағы 1 айда аталған екі нысанға да сметалық құжаттама әзірлеп, аудандық құрылыс бөліміне тапсырылмақ. Егер жоба толық іске асып жатса, Жетісай ауданындағы 300 оқушыны жазғы демалыс орнымен қамтамасыз етуге мүмкіндік тумақ. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1138 times