Түркістан: Созақта бір ерекше мектеп бар
Таукенттегі Ісмет Кеңесбаев атын иеленген орта мектеп Созақ ауданындағы ең ерекше білім ұяларының бірі. Бұл мектеп осындағы өндіріс жұмысшыларының балаларына арналып, 1984 жылы салынған.
Таукенттегі Ісмет Кеңесбаев атын иеленген орта мектеп Созақ ауданындағы ең ерекше білім ұяларының бірі. Бұл мектеп осындағы өндіріс жұмысшыларының балаларына арналып, 1984 жылы салынған.
Түркістан қаласында «Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың табысты бейімделуі мен дамуындағы тәрбиеші мен ата-ана сабақтастығы» атты семинар өтті, - деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.
Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тілдарын-2019» байқауы өтті. Байқауға қала және ауылдық округтерден 22 ағылшын тілінің мамандары қатысты.
Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда балалар бәсекеге қабілетті білім алуы шарт. Мырзашөл өңірінің жастарымен кездескен «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі осылай дейді. Аталмыш мекеме ауыл жастарына білім грантын алу, жалпы мамандық таңдау бойынша арнайы кеңес берді. Оған қоса орталықтың ұйымдастыруымен аудан ұстаздары мен шәкірттері эссе жазудан бақтарын сынап, үздіктерге құрмет көрсетті.
Созақ ауданындағы Әлішер Науаи атын иеленген жалпы орта мектептің тарихы өткен ғасырдың 20- жылдарынан бастау алады. Бүгінде ескі ғимарат жойылып, оның орнына заманауи үлгідегі мектеп салынған. Қазір мұнда мыңға жуық бала оқиды. Бір ерекшелігі- бұл мектепте дарынды балалар өте көп. Олар қашанда мектеп мақтаныштары.
Тұңғыш Президент күніне орай Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінде Р.Әлібекұлы атындағы жалпы орта мектептің ашылу салтанаты өтті.
Оқулық жазу оңай шаруа емес екендігі белгілі. Әсіресе, техникалық терминдерді қазақшаға аударып, оны түсінікті тілмен жазып шығу қиынның қиыны. Алайда, Созақ ауданы, «Созақ» мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Роман Қадырқұлов бұл іске батыл қадам жасаған. Оның білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша 4, 9, 10 сыныптар үшін қазақ тілінде жазған информатика оқулықтары бүгінде бүкіл еліміздің мектептерінде қолдануда.
Ордабасы ауданында бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамту деңгейі артты. Бұған «Балапан» бағдарламасы сеп болып отыр. Түңғыш Президент күні мен ауданның 55 жылдығына орай Мақташы ауылында жаңа балабақша пайдалануға берілді.Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында бой түзген ғимарат 200 орынға лайықталған.