Түркістан: Ордабасы ауданында жаңа балабақша ашылды

Ордабасы ауданында бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамту деңгейі артты. Бұған «Балапан» бағдарламасы сеп болып отыр. Түңғыш Президент күні мен ауданның 55 жылдығына орай Мақташы ауылында жаңа балабақша пайдалануға берілді.Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында бой түзген ғимарат 200 орынға лайықталған.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған семинар өтті

Бүгінгі күні әр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі дамытып отыру. Ал бұл жұмысты тиімді әрі қолжетімді іске асыру үшін сабақтарды бірлесе жоспарлап және өзара сабақтарға қатысып, оларды жақсарту мақсатында талдап, талқылап отыру қажет.

Түркістанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті

Түркістанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ғылыми конференция өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Елбасының курстасы Асетулла Каримов, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан жоғарғы медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Дүкенбай Бақытжан Әбенұлы қатысты. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытуды әдісі қолға алынды

Түлкібас ауданындағы білім ұяларында ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқытуды әдісі қолға алынған. Бұған Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы негіз болып отыр. Аталмыш бағытта ауданда атқарылып жатқан шаруа аз емес. Соның бірі «А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде» жүзеге асуда. 

Түркістан қаласындағы №24 жалпы орта мектебінде «Карл Байпақов — археология сардары» көрмесі ашылды

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы №24 жалпы орта мектебінде Карл Молдахметұлы Байпақовтың 80 жылдығына орай «Карл Байпақов — археология сардары» атты көрмеашылды. Іс-шараға қатысқан мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары Карл Байпақовтың ғылыми еңбектері мен атақты археолог жайлы жазылған естелік кітаптарды, өмірінің әр кезеңінен сыр шертетін суреттерді тамашалады. 

Түркістан: облыс әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

Салтанатты шараға өңірдің 400 – ден астамбілім беру саласының өкілдері қатысты.Ұрпақ тәрбиелеуде талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың төл мерекесіне арналған «Мерекелеріңізбен, ұлағатты ұстаздар!» атты шараның шымылдығы «Абай өсиеті» театрлық көрінісімен ашылды.