Түркістан облысы: түлкібастық полицейлер оқушыларды киелі орындарға апарды
Түлкібаста «Жасөспірім» іс-шарасы барысында полицейлер оқушыларды киелі орындарға саяхатқа алып шықты. Түркістан облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында 18-25 қазан аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шара Түлкібас аудандық полиция бөлімінде де ұйымдастырылды.