Отырарда Азия елдерінің туризм саласы өкілдерінің қатысуымен ақпараттық тур өтті
«Turkistan: One Way – One History» халықаралық туристік форумын өткен болатын. Аталған шараға қатысқан Азия елдерінің туризм саласының өкілдері Отырар ауданында ақпараттық тур ұйымдастырды. Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен келген туристік операторлар мен блогерлер Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұртының тарихи нысандарымен танысып, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде болды. Музейдің экспозиция залымен танысып, тарих іздері қалған тұғыры биік мекеннен тың мағлұматтар алды.