Түркістан облысы: Мобильді топ – Кентау қаласының Оранғай ауылында
«Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылдық округінде болды.
«Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылдық округінде болды.
Түркістан облысы, Шардара қаласындағы №8 «Балапан» мемлекетік бөбекжай-балабақшасының негізі 1972 жылы қаланған. 2016 жылы қала басшысы Ережеп Бекет мырзаның бастамасымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Жуырда Талдықорған қаласында оқушылар арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауы болып өтті. Оған Түркістан облысының атынан қатысқан Созақ ауылындағы Ә.Науайы атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Айтымет Хансұлтан қатысып, 3-орынды иемденіп, арнайы дипломмен марапатталды.
Жылдан-жылға көркейіп келе жатқан ауданда заман талабына сай, жаңа, сәнді ғимараттар бой көтеріп, аудан көркіне көрік қосып, уақыт өткен сайын ажарлана түсуде. Осы мақсатта ауданға қарасты Түлкібас кентінде жеке кәсіпкер О.Байсеріковтың қаржыландыруымен білім, спорт, өнер және тәрбие салалары бойынша қосымша білім беретін орталық ашылып, халық игілігіне берілді.
Қаратау тәжіне баланған Кентау тарихы таңбаланған тың туындылардың тұсауы кесілді. Құнды дүниелерді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ғалымдары жазған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры өз мәресіне жетті. Тамызда басталған сапар барысында журналистер мен блогерлер, желі белсенділерінен құралған топ мүшелері Түркістан облысындағы киелі орындар мен тарихи ескерткіштерді аралап, бабалар рухына тәу етті.
Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов бүгінде білім ошақтарында ақша жинауға қатысты көптеген арыз-шағымдар түсіп жатқанын жазды. Осы мәселеге орай, әлеуметтік желі арқылы өзіне тікелей жазуға болатынын жеткізді.
Түркістан қаласында 6-7 қараша күндері «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы есімдерін» ұлықтау мақсатында және «Жастар жылына» орай дәстүрлі «Ясауитану-2019» республикалық байқауы өтті. 3 кезең, 4 ереже, 7 міндеттен тұратын бұл сайысқа еліміздің 17 өңірінен дарынды оқушылар қатысты.