Әбдібақыт МАҚҰЛБАЕВ, Кентау қаласының әкімі: «ҚАЗІР... ХАЛЫҚТАН ҰЯЛМАЙТЫН БОЛДЫҚ»
«2021 жылдың соңына дейін табиғи газ мәселесі толық шешіледі деген межеміз бар»
– Әбдібақыт Тілләбайұлы, Қаратау тәжі саналатын шаһардың қос тізгін, бір шылбырын мықтап ұстағаныңызға 4 жарым жыл болыпты. Әрине, бұл дегеніңіз – біраз шаруаны жоспарлап, жемісін көретін уақыт. Оның үстіне Елбасының тікелей бастамасымен шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне соны леп әкеліп, еңсесін көтеру мақсатында 2012 жылы қабылданған Моноқалаларды дамыту бағдарламасының да Кентауға тиген септігі әжептәуір болса керек...
- Published in Интервью