Мерекелік іс-шара Келес халық театрының «Түркістанның жаңғыруы» көрінісімен бастау алды. Өткізілген мерекелік кешке ауданның әкімі Ақментай Үсенұлы Есбаев қатысып, Келес халқын құттықтады.
Гала-концертке елімізге танымал эстрада жұлдыздары Ғазизхан Шекербеков, Ақбота Керімбекова, Сержанәлі Әлібеков, «Наркескен» тобы және Заттыбек Көпбосынұлы қатысып, әннен шашу шашып, өз өнерлерімен жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Бұдан бөлек мерекелік кешке жиналған қалың бұқараға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін «Жайдарманның» чемпиондары «Сырдария құрамасы» келді. Ал мерекелік кеш Келес ауданның мәдениет үйінің өнерпаздары және «Келес» тобының керемет әндерімен жалғасын тапты.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.