А.Мамин «Бадам» (195-орам) тұрғын үй алабының инженерлік инфрақұрылым жағдайымен де танысты. Оның электрмен жабдықтау проблемасымен мектеп мұғалімі Гүлназ Әбдірова «Nur Otan» партиясына жүгінген-ді. Биыл 27 қыркүйекте «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды жеке қабылдау барысында Үкімет басшысы Г.Әбдіроваға 195-орам үйлерін электрмен жабдықтау жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау қарастырылғанын айтты, су құбыры және газ желілерін салу жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын айтқан болатын.
Үкімет басшысы Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан нарықтарына өнімдерін жеткізетін «Зерде-Керамика» керамогранит өндіру зауытына барды. Өңірдің тоқыма саласын жандандыру жоспарларымен танысты. Премьерге өткізу қабілеті сағатына 600 жолаушыны құрайтын Шымкент қаласы әуежайының жаңа терминалының жобасы таныстырылды, оны 2020 жылғы қазанға қарай аяқтау көзделген.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.