Жастар – қоғамның болашағы мен қозғаушы күші, мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Бүгінгі ұрпақ бәсекеге қабілетті болып өсуі керек. Осыған орай жасөспірімдер кітапханасы өскелең ұрпақпен тығыз байланыс орнатқан. Оларға тура бағыт-бағдар беріп, білім мен ғылымға шақыарды.
«Елбасымыздың осы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Және17қарашада «Студенттер күні» келе жатыр. Осыған орай біз – кітапханашыларбүгін жастардың басын қосып, «Кітапхана – жастармен бірге» деген шара ұйымдастырып жатырмыз. Ол «non stop!» деп аталады. Яғни «тоқтаусыз оқы» дегенді білдіреді. Мақсатымыз – жастармен бірге болу.Оқырмандар санын көбейту, оқу мәдениетін қалыптастыру» - дейді Жасөспірімдер кітапханасының директоры ЗакираСембекқызы.
Іс-шара Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта өтті. Өңірдегі беделді оқу орындарының студенттері мен«Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері қатысты. Табиғат аясында арнайы флешмоб ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы сән үлгісі көрсетілді.
«Қазіргі таңда жастарымыз кітапханаға көп бара бермейді. Ал соны қалыптастыру барысында кереметтей дендросаябақта жастарымызды белсенділік таныта осындай шара ұйымдастырып жатырмыз. Елбасымыз айтпақшы, «Рухани жаңғыру», «100 жаңа кітапты» негіздей отыра «Жастар ресурстық орталығымен» бірге жастарды кітапханаға шақырамыз» - дейді Жастар ресурстық орталығының қызметкері Нұрғиса Рахатұлы.
Кітапхана ұжымы шараға белсене қатысқан және викториналық сұрақтарға орынды жауап берген жастарға сыйлық ретінде арнайы кітаптар таратты. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.