Түнеугүні Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйытқы болуымен «Жасыл ел» еңбек жасақшыларынан құралған топ осы күнге дейін қаланы көгалданыруға атсалысып келеді. Олардың еккен әсем гүлдері қаланың ажарын ашып тұр. Еңбектері үшін арнайы жалақы да қарастырылған. Балалар жазғы каникулдарын тиімді пайдаланып келеді. Шымкент қаласында орналасқан «ЛТД Тұрмыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы маусым айында 50 жас жұмыспен қамтылды. Олардың әрбірінің атқаратын қызметімен танысу үшін Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің мамандары қаладағы Бадам өзенінде, Т.Айбергенов көшесі, Д.Қонаев даңғылы, Темірлан тас жолында, Б.Момышұлы көшесінде, Қажымұқан стадионында жұмыс атқарып жүрген "Жасыл ел" еңбек жасақтарының бір күндік жұмыс барысымен танысты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.