Понедельник, 25 Июнь 2018 05:53

Шымкентте ерекше ән фестивалі өтті

Таяуда Шымкенттің орталық саябағында Француз альянсының ұйымдастыруымен «Fete de la musique» атты фестиваль өтті. 1982 жылы алғаш рет Францияда пайда болған бұл фестиваль жыл сайын барлық деңгейдегі музыканттар мен жанрларды біріктіріп келеді. Бүгінгі таңда бұл әлемнің жүзден астам елінде өткізілетін музыка саласындағы әлемдік оқиға деуге болады.

Музыкалық фестивальді мерекелеу барысында әлемнің әртүрлі елдерінде музыка кез келген жерлерде: концерт залдарында, кафелерде, барларда, саябақтарда және көшелерде естіледі. Және тек қана кәсіпқойлар ғана емес, әуесқойлар да ән айтып, әркім өзі қалаған музыканы орындай алатын күн. Шымкентте фестиваль алғаш рет қалалық мереке ретінде аталып өтті.

«Fetede la musique» фестивалінің басты хэдлайнері Конгодан келген «Jambo-Jambo» әртістер тобы болды. Конголық жастар француз тілін жақсы білетін болғандықтан Шымкенттегі музыкалық фестивальға қатысу туралы ұсынысқа қуана келіскен. Өздерін ашық-жарқын, көңілді және еркін ұстау арқылы аталмыш топ бұл фестивальді қалай мерекелеу керектігін көрсетіп берді. Көңілді мерекенің әсерімен фестивальға жиналғандардың барлығы билеуге көшті. Музыкалық фестиваль түнге қарай бір-ақ аяқталды.

«AQ-QARA.KZ  - ақпарат»

 

Read 1477 times