Өзен жағалауын абаттандыру жұмысы екі кезеңге бөлінген-ді. Алғашқы кезеңі бұлақ басынан Ордабасы алаңына дейінгі аумақты қамтиды. Ондағы жұмыстар аяқталды. Енді Жангелдин көшесіне дейінгі 1800 метрлік жағалау абаттандырылып жатыр. Бүгінде құрылысшылар жұмыстың 60 пайызын еңсерген.
Мұндағы шаруаның жай-жапсарын көріп шыққан шаһардың жаңа әкімі өзінің бірқатар ұсыныстарын айтты. Басты талап, демалыс орны халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек.
Бұдан бөлек Ғ.Әбдірахымов жақында пайдалануға берілген шаһардың алғашқы арбатына да барды.
Бекет батыр көшесіндегі арбаттың қақпасына қойылған сағат іске қосылған. Бұл арбатта да жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін қадап айтты. «Өнер адамдары өз туындыларын тек басшылар келгенде ғана шығармай, кез келген уақытта көпшілікке ұсына алатындай жағдай жасауы тиіс» деді Ғабидолла Әбдірахымов.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.