Оның үстіне зообақта жылдан-жылға көптеген өзгерістер орын алып жатқаны тағы бар. Зообақ аумағында бұрын жасанды көл болған-ды. Енді алдағы уақытта ол жерде қайтадан жаңа көл пайда болмақшы. Айта кетерлігі, ол көлде арал салынады. Аралда арнайы құстарға ерекше стильдегі қорған тəрізді ұялар болады.
Жасанды аралдың жұртшылықтың назарын аударар дайын макеті расында да көзтартарлықтай. Жасыл желекке көмкерілетін аралда құстарға арналып салынған ұяшықтардың өзі ескі қорғанды еске түсіреді. Көлдің екінші жағалауына өту үшін арнайы аспалы көпір де салынатын болады. Көпірде екі қорған секілді демалыс орындары қарастырылған.Демек, зообақ Шымкенттің мегаполис атына сай ажарына ажар қоспақ.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.