Кездесуде режиссер Сергей Әзімов қазіргі таңда Отырар ауданында ғұлама ғалым Әл-Фараби хақында деректі фильм түсіріп жатқандығын жеткізіп, алдағы уақытта Түркістан қаласы мен Ясауи жайында туындылар жасауға ниетті екендігін білдірді.
«Ясауи бабамыздың балалық шағынан басталып, тұлға ретінде қалыптасуы және сол кездегі Яссы өңірі жайлы тарихи туынды түсіруді жоспарлап отырмыз. Бұл фильмде ғұламаның қалыптастырған ілімі, мектебі, шығармалары қамтылатын болады. Сондай-ақ, осы күнгі Түркістанмен байланыстырып, күллі түркінің ордасына айналған Тұранның бейнесі көрсетілмек», - деді Сергей Жұмабайұлы. Сонымен қатар, басқосуға қатысқан ғалым Жақыпбек Алтайұлы Түркістанның тарихына арналған халықаралық ғылыми жиындарды ұйымдастыру қажеттігін тілге тиек етті.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»