Түркістан облысы: Түлкібас ауданында Майтөбе ауылы ажарланып келеді

Түлкібас ауданына қарасты Майтөбе ауылының кіреберісінде елді мекен атауы жазылған жаңа стелла бой көтеріп жатыр. Ағымдағы жылдың тамыз айында бастау алған нысанның құрылысы бүгінгі таңда 80 пайызға жетіп қалды. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» аясында халал дәмхана ашылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруда еліміздің кәсіпкерлері мен меценаттары тарапынан жақсы қолдау тауып келеді. Басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық көрсетіп, қолдарынан келгенше игі жұмыстар атқаруда. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында қазақ гобелен өнерінің негізін қалаушыға ескерткіш-бюст қойылды

Төлеби ауданы Аққұм ауылдық округінде орналасқан, белгілі суретші, қазақ ұлттық гобеленінің негізін қалаушыҚұрасбек Тыныбековтің аты берілген жалпы орта мектепте суретшінің ескерткіш-бюсті орнатылды. 

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында рухы сынбаған жандарға құрмет көрсетілді

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бекіткен іс-шаралар жоспарына сай, Қ.Өмірәлиев атындағы аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен №11 МКХҚ колледж студенттерінің қатысуымен «Туған жер – туған ел» базалық бағдарламасы бойынша «Қамқорлық» жобасы аясында «Рухпен күштілер» атты тақырыпта кітапхананың тұрақты оқырманы, қолөнер тоқымасының шебері, 1-топ мүгедегі Ануарбек Мұсабаевпен кездесу өтті. 

Түркістан облысы: Отырар ауданы халқы облыс әкімдігінің бастамасымен өткен жалпыхалықтық сенбілікке қатысты

Түркістан қаласының айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру мақсатында облыс әкімдігінің бастамасымен жалпыхалықтық сенбілік өтті. Сенбілікке 16 аудан мен қала халқы да атсалысып, өздері жауапты болған сектор аумақтарына көшеттер екті.