Түркістан облысы бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті

Бүгін #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы аумағында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуына Түркістан облысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысып, акция қатысушыларына алғысын білдірді. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары көпшілікпен бірге "Арыс-Түркістан" су арнасының бойын қоқыстан тазартуға атсалысты. 

Кентауда «Асыл әже» атты байқау ұйымдастырылды

Кентауда «Асыл әже» байқауы өтті. Түркістан облысы, Кентау қаласында жасы 60-тан асқан әжелер сахнаға шығып, түрлі кезеңдер бойынша өз өнерлерін көрсетті. Атап айтар болсақ, алдымен өздерін көпшілікке өлең жолдарымен таныстырған әжелер, екінші кезеңде ертегілер айтудан өзара бақ сынады.

Түркістан облысы: Арыс шаһарының балалары еліміздің батысы пен шығысына демалысқа аттанды

Бүгін түсте Арыс қаласының 50 баласы Батыс Қазақстан облысындағы демалыс орнына аттанып кетті. Сонымен бірге кешке қарай 150 оқушы табиғаты таңғажайып Шығыс Қазақстан облысына жіберілді. 

Түркістан облысы: Арыстық 200-ге жуық ардагер сауықтыру орындарына аттанды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бүгін арыстық 200-ге жуық ардагер «Мейір» ардагерлер үйінеаттанды. Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында журналистер мен қоғам белсенділері сенбілік ұйымдастырды

Бүгін Арыс қаласында сенбілік өтті. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен әлеуметтік желі белсенділері қатысты. Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған сенбілікте қоғам белсенділері қаланың көшелерін тазалап, тазалыққа үлес қосты

Түркістан облысы: Түлкібас ауданына келуші туристер саны жылдан-жылға артып келеді

Түлкібас ауданына жыл басынан бері жалпы 5362 турист табан тіреген. Оның ішінде 473-і – шетел азаматтары. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 840 туристке немесе 9 пайызға артып отыр. 

Түркістанда облыс әкімінің кубогі үшін «JAIDARMAN» ойындары өтті

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» Түркістан облысы әкімінің кубогі үшін республикалық «JAIDARMAN» ойындарын өткізді. Бұл ойынға елге танымал жайдарманшылар мен құрамалар қатысты. Көрерменге әдемі әзілмен, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.