Четверг, 13 Июнь 2019 13:21

Түркістан облысы: Шардаралық 36 саңлақ Азия чемпионы боп оралды

Шардара ауданының қолкүрес шеберлері Ыстықкөлде өткен Азия чемпионатынан жеткіншектер арасында 10 алтын, жасөспірімдер арасында 8 алтын, жастар арасында 8 алтын, ересектер арасында 10 алтын олжалады. 

6-11 маусым күндері Қырғызстанның Шолпаната қаласында армрестлингтен жас жеткіншектер, жасөспірімдер, жастар және ересек спортшылар арасындағы Азия чемпионатыны өтті. Сайысқа Орта Азия мемлекеттерімен қоса Үндістан, Пәкістан, Иран, Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея сынды алпауыт мемлекеттерден спортшылар қатысты. 4 жас ерекшелігіне орай өткен чемпионатта Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының негізі Түркістан облысы Шардара ауданының «Шардара-Армспорт» спорт клубының спортшыларынан құралды. Аты әлемге әйгілі шардаралық спортшылар өздерінің мықтылықтарын тағы да дәлелдеп 4 жас ерекшелігі бойынша 36 алтын медальға қол жеткізді. Бұл дегеніміз – Шардара қол күресі тарихына тағы да 36 Азия чемпионы қосылды деген сөз. Енді жеңімпаздар биыл қазан айында Румыния елінде өтетін әлем чемпионатында да еліміздің көк байрағын көтеріп, әнұранымызды шырқатып қайтсын деп тілейік!

 «AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 891 times