Вторник, 27 Август 2019 08:54

Түркістан облысы: Арыс қаласында ауыр атлетика кешені ашылды

Олимпиада ойындарында елімізге көптеп медальдер жиынтығын беретін ауыр атлетика спортын Түркістан облысында дамыту үшін бірқатар игілікті істер атқарылуда. Бүгін Арыс қаласында №2 олимпиадалық спорт мектебі жанынан ауыр атлетика спорт кешені ашылды. 

Облыста ауыр атлетикадан Рио олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, еліміздің атақты ауыр атлет  қызы Жазира  Жаппарқұлдың ізін жалғастырып келе жатқан жастардың қатары көп. Әсіресе,  зілтемірді  көтеріп, күні бойы жаттығу жасайтын ауыл жастарының саны жыл сайын артып  келеді. №2 олимпиадалық  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жанынан дүниежүзіне талай атақты саңлақтарды танытқан ауыр атлетика залы қайта жаңғырды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, кезінде Жазира Жаппарқұлды жаттықтырған білікті бапкер Дүйсебек Құрманов осы жаттығу залынан әлі талай талантты жастардың шығатындығына сенімді.

Жаңадан ашылған нысанға ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры Алдияр Нуралинов жаттығу залына  федерациясы атынан қажетті  арнайы  құрал-сайманды тарту етті. Ендігі жерде арманы  асқақ  талай  жас ауыр  атлетика спортымен кәсіби деңгейде шұғылдана  алады. Токио олимпиадасында отандастарымыз жақсы нәтижеге қол жеткізеді деген басты мақсат бар. 

Олимпиада ойындарында талайдаңқты спортшылардың бағынашқан күрделі де қиынспорт түрі ауыр атлетиканы өңірде қарқынды дамытуды қолдапотырғаноблыс спортының басшысы ПолатҚырықбаев осы Арыс қаласындағы спорт кешенінің қайта жаңғыруымен жергілікті халықты құттықтады. Ал Рио Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, арыстық атақтыЖазира Жаппарқұл мен Қазақстанның ауыратлетикафедерациясыныңатқарушы директорыАлдияр Нуралинов спорт кешенінің лентасын қиып, спортшыларға сәттілік тіледі. Енді алдағы уақытта талай қазақ баласының зілтемір көтеруден ел намысын қорғауда арманы орындалатын болады.

«AQ-QARA.kz»-ақпарат.

Read 1270 times