Ашылу салтанаты барысында сөз алған Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырқбаев жарысқа тек облыстан ғана емес, республиканың басқа аймақтарынанда зілтемірші спортшылар келгенін тілге тиек етіп, жарыстың өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын айтты және сайысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жарысты ашық деп жариялады. Келесі сөз кезегін алған Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиев ауданның 55 жылдық мерейтойымен қатар өткізіліп отырған дүбірлі доданың қатысушы спортшыларына «қош келдіңіздер» дей келе, жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Орайы келгенде Полат Қырқбаев Шардарадан 2019 жылы шыққан чемпиондарға құрмет көрсетіп, ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпиондарын және армрестлингтен Румынияда өткен Әлем чемпионатының чемпиондарын, грепплингтен Әзірбайжан елінде өткен Әлем чемпионатының чемпиондарын және гір көтеру спортынан Сербия елінде өткен Әлем чемпионатының чемпиондарын Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен, Атырау облысы мен Тараз қаласынан, Шымкент қаласы мен Қызылорда облысынан, Түркістан облыстық Б.Саттарханов атындағы мектеп-интернатынан, Сайрам ауданы мен Арыс қаласынан, Шардара ауданынан зілтемірші командалар мен спортшылар жиналып, 138 спортшы бақ сынауда. Жарыс үш күнге созылмақ.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.