Воскресенье, 03 Июнь 2018 16:43

Шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты

Бүгін «13 Легион» workoutкомандасы және Шымкент қаласының әкімдігі Әл-Фараби алаңында «Миллион рет кеудені жерден көтеру» деп аталатын ауқымды акцияны ұйымдастырды. Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары кеудені жерден көтеру жаттығуын миллион рет орындады. 

Спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты. Олардың арасында қала əкімдігінің барлық қызметкері де болды.

Ерекше флешмобқа Шымкент қаласының əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты «КИнЭС-2018» қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды.

Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары» деген болатын. Осыған орай ОҚО жəне қала əкімдері Шымкенттің мегаполис атануына орай қалалықтарға үндеу жолдады. Шымкентте осы мəселеге қатысты конференциялар да өтті.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1667 times