Понедельник, 18 Июнь 2018 16:36

Шымкент: байдарка және каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті

Түнеугүні Шымкенттегі Бадам су қоймасында байдарка мен каноэде ескек есуден қалалық ашық турнир өтті. Шараның ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айтмұхамедәлі Бердашов пен Азия рекордсмені, Афины олимпиадасының қатысушысы Анастасия Прилепа қатысып, жастарға сәттілік тіледі. 

Жарысқа 14 пен 16 жасқа аралығындағы 150 спортшы қатысты. Сондай-ақ қырғызстандық спортшылар да өнер көрсетті. Олар екі күн бойына 16 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Облыстық су спорт түрлерінен олимпиадалық спорт мектебінің директоры Денис Жарменовтің айтуынша, бұл турнир Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп, ауқымды деңгейде өткізіліп отыр екен. Айта кету керек, жарысқа көрші қырғыз елінің ескекшілері де қатысты. Спортшылар 200 метр қашықтықта өте белсенді өнер көрсетті. Ал сайыста жеңімпаз болғандар облыс құрамасына алынады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1602 times