Данат Есболұлы Ресей, Украина және АҚШ елдерінде саяси коммуникация саласында тәжірибеден өткен. БҰҰ жанындағы жас көшбасшылардың дүниежүзілік саммитінде Қазақстанды таныстырды. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Маркетинг, жарнама, PR және IT саласындағы бірнеше табысты бизнестің негізін қалады. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі–хатшылықтың басшысы қызметін атқарған. Нью-Йорк кино өнері академиясында сахналық курсты бітірген.
Еңбек тәжірибесі: республикалық студенттік жастар ұйымының жетекшісі (2002-2007 жж), Мемлекеттік басқару саласы (2009-2011 жж), «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
Мемлекеттік басқару реформасы жөніндегі Еуропалық комиссияның ұлттық сарапшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесі басшысының штаттан тыс кеңесшісі; Жарнама, маркетинг және PR саласындағы бизнес (2011-2013 жж); «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі-хатшылықтың басшысы (2013-2014 жж), Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі (02.09.2015 ж бастап), «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыс департаментінің директоры қызметінде болды.
«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»