Понедельник, 23 Июль 2018 04:47

Шымкент тұрғындарына «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі

Мемлекеттік «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында Шымкент қаласынан пəтерлі болғыңыз келсе, 2018 жылдың 23 шілдесінен бастап «Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкі» Шымкент қаласы әкімдігінің халықтық кеңсесі «Фронт-офис» ғимаратында орналасқан кеңес орталығында түсіндіру жұмыстарын бастайды.

Бұл жерде сіз мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламалары туралы толық ақпарат алып, тұрғын-үй жинақтары туралы келісім шарт жасай аласыз. Сондай-ақ, Шымкент қаласында бағдарлама аясында салынып жатқан құрылыс нысандары туралы ақпаратқа қанық боласыз. Мүмкіндігіңді жіберіп алма!

Ақпарат алу үшін: +7701-605-36-39, +7705-486-96-08 телефонына хабарласуларыңызға болады. Мекен-жайы: Шымкент қ., Рысқұлов даңғылы - Байтұрсынов көшелері қиылысында орналасқан Шымкент қ. әкімдігінің «Фронт-офис» халықтық кеңсесі. «Наурыз» аялдамасы.

Естеріңізге сала кетсек, жыл басында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбaeв тұрғын үй ипотекасын қолжетімді ете алатын жаңа  бағдарламасын таныстырған еді. Елбасы өз сөзінде: «7-20-25» деп атаған бағдарламамды ұсынып отырмын. Келесі талаптар бойынша жұмыс істеп жүрген әрбір қазақстандық осы бағдарлама арқылы тұрғын үй несиесін ала алады: жылына 7 пайыз мөлшерлемесінен аспайтын несие болады, қазіргідей 14-16 пайыз емес. Бүгінде банктер бастапқы төлем 30 пайызға дейін болу керек деп жатса, кейде 50 пайыз деп жатса, «7-20-25″ бағдарламасы бойынша бастапқы төлем 20 пайыздан аспайтын болады. Несие 10-15 жылға емес, 25 жылға беріледі. Бұл халықтың ай сайынғы төлемін азайту мақсатында», — деп түсіндірген болатын.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

 

Read 8024 times