Іс-шараның ашылу салтанытында сөз алған аудан әкімінің орынбасары А.Жабағы «Біздің ауданымызда спортқа ден қойған адамдар саны жылдан жылға арта түсуде. Спортшыларымыздың жетістіктері мен жеңістері де көбейіп келеді. Олар республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де мақтанарлық нәтижелерге жетуде. Толағай табыстарда жаттықтырушыларымыздың маңдай терлері мен табанды еңбегінің қолтаңбасы жатқандығын айта кеткен артық болмас. Келешекте біздің спортшыларымыз жаңа белестерді бағындырып, бұқаралық спорт отандастарымыздың күнделікті өмір салтына айналарына сенімдіміз. Спорт күні қарсаңында барлық спортшыларды, жаттықтырушыларды, ардагерлерді, спортқұмарлар мен жанкүйерлерді мерекелерімен құттықтай отырып, мықты денсаулықтың арқасында жаңа табыстарға қол жеткізе берулеріңізге тілектеспін» дей келе, аудан спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген спортшылар мен бапкерлерді алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Шара соңы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт мектептері арасында арқан тарту, жеңіл атлетика және кіші футболдан спартакиада жалғасын тапты.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.