Вторник, 28 Август 2018 04:14

Түркістандық кәсіпкер ауылдастарына спорт кешенін салып берді

Түркістандық кәсіпкер туған ауылына құны 116 млн. теңге болатын спорт кешенін салып берді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды «24.kz» сайтына сілтеме жасап. 

Отырар ауданының Ақтөбе ауылында бой көтерген нысан толықтай спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған.

Кәсіпкер Есбол Қамбаров – осы ауылдағы мектепте білім алған азамат. Ол өз қаржысына салдырған ғимаратты Елбасының «Туған жер» бағдарламасы аясында жерлестеріне тарту етпек. 200 балаға лайықталған кешен алдағы қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Мұнда жаңа оқу жылынан бастап бокс, күрес, футбол және волейбол үйірмелері жұмыс істейді. Жалпы Ақтөбе ауылында екі жарым мыңдай тұрғын, 450-дей оқушы бар. Елді мекенде бокс жақсы дамығандықтан, екі спорт шебері, он бір спорт шеберлігіне үміткер шыққан.

«Бұл жер толық 200 баланы қамти алады. Келіп жатқан балалар көп, әлі ашылған жоқ. Ертең ашылғанда, көрші ауылдардан да балалар келеді деп отырмыз. Бұл ауылда бокс жақсы дамыған. Бәрі тегін болады» дейді Отырар аудандық спорт бөлімінің басшысы Ермек Ташов.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1275 times