Түркістан облысы: Мақтааралда құны 150 миллион теңгені құрайтын 6 жоба іске асырылған
Мақтаарал ауданы әкімі Бақыт Асанов ауыл шаруашылығы бойынша іске асырылған құны 150 миллион теңгені құрайтын 6 жобаның жұмыс барысымен танысты. Халықты жұмыспен қамту үшін алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып құны 1 миллиард теңгеден астам 26 жоба аудан әкімдігі тарапынан әзірленіп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсынылған. Соның ішінде 6 жоба іске қосылып үлгерді.