Түркістан облысы: Арыс қаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі
Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен халықтың жай-күйімен танысуға ҚР Премьер-министрі А.Мамин арнайы келді. Премьер-министр облыс басшысы Ө.Шөкеевпен бірге снарядтан зақым келген тұрғын үйлер мен 4 қабатты қалалық аурухананы, халыққа қызмет көрсету орталығын және Көктем шағынауданындағы И.Журба атындағы орта мектепті аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты.