Отырар ауданында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел өтті
Отырар ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай «Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, кемеңгер басшының ел тарихындағы сан қилы кезеңдерде оң шешім қабылдап, мемлекетімізді әлем елдерімен тең дәрежеде дамытуға өзіндік қосқан үлесі жайында сөз етті. Қонақтар алдымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайы мен аудандық орталық кітапхананың «Елбасы-Ұлт Көшбасшысы» атты көрмелерін тамашалағанын айта кетейік.