Қазығұрт ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда
Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнім көлемінің жыл сайын артуына өңірде ашылған индустриялдық аймақтың үлесі мол. Бүгінгі таңда «Қазығұрт» индустриялдық аймағының жалпы аумағы - 13 гектар. Онда 1,9 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаға жер телімі берілген. 2016-2017 жылдары 3 жоба іске асырылса, 2018 жылы 589 млн. теңгелік табиғи шырын сусын өндіретін «Көрік ШҚ» ЖШС-і жұмысын бастады. Ал 3 жобаны 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлімдеді.