Келесі жылы Түркістан облысындағы кәсіпорындарда жалақы көбейетін болды
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркістан облысындағы 88 кәсіпорында айлық жалақы көтеріліп, ең төменгі жалақы көбейеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Елбасы Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және Түркістан қаласын дамыту барысы» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында тұңғыш рет өткізген көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді.