Түркістан облысы: мектеп оқушылары арасында «Ясауитану-2018» халықаралық байқауы басталды

Астана қаласының 20 жылдығы жəне «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің 40 жылдық мерейтойына орай мектеп оқушылары арасында Түркістан қаласында XXII «Ясауитану-2018» Халықаралық байқауы басталды. Сайысқа Өзбекстан, Түркия, Қырғызстан Республикаларынан, сондай-ақ еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан 41 оқушы қатысуда.

Түркістан қауіпсіз қалаға айналады

Бүгінде Түркістанда қауіпсіздік бағытында ауқымды жобалар қолға алынды. Түркістан қаласы облыс орталығы болғандықтан, қазір мұнда қауіпсіздік шарасы басты назарда. Шаһардағы қоғамдық тәртіпті жол-патрульдік полициясы мен учаскелік полиция инспекторлары және басқа да күштік құрылымдар қадағалайды. Сондай-ақ қазіргі таңда 4 авто-эвакуатор белгіленбеген орынға қойылған көліктерді айыптұрақтарына жеткізуде. Бұдан басқа адам көп жүретін орындарда 2 стационарлық полиция бекеті орналасқан. Онда 18 бейнебақылау камералары жұмыс істейді. Тәртіп сақшылары осы камералардың көмегімен құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда, оларға тосқауыл қойып, шара қолданады.Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «24.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Келес ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, тәртіптік кеңес төрағасы - Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаевтың төрағалық етуімен Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында кездесу өтті. Кездесуге Келес ауданының әкімі А.Есбаев, аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері, құқық қорғау саласының қызметкерлері және бюджеттік ұйым басшылары қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам қонаққа келді

Бүгін Мақтаарал ауданына танымал кәсіпқой боксшы, еліміздің мақтанышы Қанат Ислам қонаққа келді. Атакент кентінің «Алпамыс батыр» стадионына жиналған жұрт қалың қошеметпен қазақ батырын күтіп алды. 

Түркиялық компания Түркістан облысында 200 гектар аумаққа жылыжай салады

Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты «Dal Holding Investment CO» компаниясының Қазақстан Республикасы бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.  

Түркістан облысы мен Индонезия туризмді бірлесіп дамытады

Түркістан облысы мен Индонезия мемлекеті туризм және сауда-саттық салалары бойынша тығыз байланыс орнатады. Индонезия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Рахмат Промономен жүздескен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай уағдаластыққа қол жеткізді. Түркістан қаласына арнайы келген елшіні қабылдаған өңір басшысы Индонезияның әлеуеті жоғары мемлекет екеніне тоқталды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.  

Түркістан облысы: жетісайлық диқандар 3 мың тоннаға жуық жүзім жинады

Түркістан облысы Жетісай ауданында қауын, қарбыз жинау науқаны аяқталуға жақын. Өңір диқандары жүзім теру жұмыстарына кірісіп кетті. Бүгінде Жетісай ауданында жалпы 650 гектар жүзімдік алқабы бар болса, оның 82,5 гектары ағымдағы жылы отырғызылған. Қазіргі таңда жетісайлық диқандар жүзім алқаптарынан 2832 тонна өнім жинап үлгерді. 

Ұ.Сәдібеков: "Мәселенің салдарымен күресу емес, оның алдын алған тиімді"

Түркістан қаласында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың ауқымды салаларды дамыту жөнінде берілген маңызды тапсырмасына сәйкес, жастар саясаты, дін істері, білім, ішкі саясат және идеология салаларындағы өзекті мәселелер талқыланған жиын өтті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жүргізіп отырды. Келелі кездесуде 4 басқарманың басшысы атқарылған жұмыстармен қатар қордаланған түйткілдер жөнінде баяндама жасап, оларды шешу жолдары мен ұсыныстарын айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында «Сoworking» заманауи білім орталығы ашылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетіне айналады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деген болатын. Осы орайда Түркістан облысы Арыс қалалық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мекемесі жанынан қала тұрғындары мен жастарға арналып «Сoworking» заманауи білім орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.