Түркістанда тұңғыш облыстық тіл фестивалі өтті
Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік шарасы өтті. Мақсаты – Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, ұлттық қод сынды бастамаларға қолдау көрсету. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.