Түркістан облысында 6 айда 202 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген

Түркістан облысында биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы - 202 мың шаршы метрді құрапты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артық көрсеткіш. Бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков айтып берді.

Түркістан облысында экологиялық қылмыстардың алдын алу бойынша жедел-іздестіру іс-шарасы өтті

Түркістан облысы аумағында 2018 жылғы 10-29 шілде аралығында экологиялық қылмыстардың алдын-алу және анықтау, браконьерлік әрекеттердің жолын кесу, су биоресурстарын қорғау бойынша жедел-іздестіру іс-шарасы өткізілген. Бұл туралы Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлап отыр.

Жансейіт Түймебаев Түркістандағы қымыз бен шұбат өңдеу зауытының жұмысымен танысты

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығында салынып жатқан «Golden camel» қымыз бен шұбат өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Өңірдегі сүтті дайындау жөнінде ауыл шаруашылық кооперацияны дамытуға серпін беретін зауыттың жалпы құны 7 млрд. 456,5 млн. теңгені құрайды.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында көшелері жарықтандырылыған ауылдардың саны артып келеді

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында бағаналар орнатылып, көшелері жарықтандырылған елді мекендер саны артып келеді. Бүгінде ондағы Борлысай ауылдық округіне қарасты Ақтас, Қошқарата және Кеңсай елді мекендерінің көше шамдары жарқырап, түн көрінісі тиісті талаптарға сәйкестендірілген.

Түркістан облысында медиация күніне орай ашық есік күні өтті

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Медиация күні» республикалық акциясы аясында ашық есік күнін өткізді. Облысымыздың барлық қала, аудандарында өткен іс-шара аясында өңір тұрғындарына құқықтық кеңестер беріліп, дауласушы тараптар мәмілеге шақырылды. Осы күні облыстық ассамблея Түркістан қаласында «Медиация – татулық бастауы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Түркістан облысында агроөнекәсіптік кешенді дамытуға арналған семинар-кеңес өтті

Түркістан облысына жасаған сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамыту бағдарламасы мен инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылауға арналған семинар-кеңеске қатысты.

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысындағы бірқатар жобалармен танысты

Таяуда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығыи министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келгені белгілі. Сапарының басында ол алдымен Ордабасы ауданындағы «KazKioti» трактор зауытында болды. Қазір аталмыш кәсіпорыннан трактор алатын шаруаларға «ҚазАгроҚаржы» қаржылық компаниясы арқылы несие беру шаралары қолға алынуда екен.

Түркістан облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде

Түркістан облысында биыл 7 орман өрті тіркеліпті. Бүгінгі таңда төтенше жағдайлардан келтірілген жалпы материалдық шығыны анықталуда екен. Осы сияқты келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар да атқарылып жатса керек. Бұл туралы облыстық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы Бақытжан Запаров өңірлік коммуникациялық қызметіндегі баспасөз жиынында мәлімдеді.

Биыл Түркістан облысында 55 мыңға тарта бала 1 сыныпқа барады

Түркістан облысында 2018-2019 жаңа оқу жылында 1 381 балабақша, 907 мектеп және 94 колледж жұмыс істейтін болады. Бұдан өткен жылмен салыстырғанда биыл білім беру нысандары 4-уге артқанын көруге болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа тұжырымдамасы түзілетін болады

Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінде өткен селекторлық жиында өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аудан, қала әкімдеріне айтып, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. Ендігі кезекте облыстың экономикалық драйвері ауыл шаруашылығы саласы екенін алға тартқан әкім саланы мықтап қолға алу қажеттілігін міндеттеді.