Вторник, 25 Сентябрь 2018 04:53

Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Түркістан облысының аумағында 17 мен 21 қыркүйек аралығында жүргізілген «Қару»  республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 64 дана заңсыз қару тәркіленген. Учаскелік инспекторлармен 7 мыңнан астам қару иелері тексеріліп,  заңсыз қару сақтау ережелерін бұзғаны үшін 429 азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылыпты.

Қарумен жасалынатын қылмыстың алдын алу және заңсыз сақталған қаруды анықтау мақсатында ұйымдастырылған шараның 5 күнінде  Түркістан облысының құқық қорғаушыларымен 2 ойық ұңғылы, 55 -аңшылық, 4 газды тапанша, 2 травматикалық және 1 электрлі қару алынды. Ауыл тұрғынынан тіркелмеген 16 калибрлі аңшылық қаруы және 2 оқ-дәрі тәркіленген. Ал, Мақтарал ауданында жергілікті тұрғыннан 1959 жылы шығарылған ТОЗ-8 карабині табылып отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда тәркіленген қаруларға тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық жайттар Қылмыстық кодекстің   «Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сақтау» бабы бойынша  СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1434 times