Вторник, 16 Октябрь 2018 17:34

Түркістан облысы: Созақ ауданында «пробация үйі» ашылды

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталғаны белігілі. Осыған орай Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында «Пробация үйі» ашылды. Бұл – Елбасы реформасын жүзеге асыру негізіндегі атқарылған істің нәтижесі. 

Осының арқасында енді істі болғандар әр мекеменің табалдырығын тоздырмайды. Нақтырақ айтсақ, бұдан былай істі болған азаматтар қажетті құжатты жинау үшін бірнеше айлап құзырлы мекемелердің есігін қағып, жүйкесі жұқармайды. Оларды әлеуметтік қызмет, денсаулық сақтау басқармаларының, халыққа қызмет көрсету орталығы мен кәсіпкерлік бөлімінің мамандары осы жерде қабылдайды.

«Жалпы, аудан бойынша 78 адам пробация тізімінде тіркелген. Оның 14-і жұмыссыз болса, жыл басынан бері тиісті бөлім арқылы 15 адамның жұмысқа орналасуы қамтамасыз етілді. 5 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді» дейді Созақ аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Нұрдос Әлиев.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Read 1106 times