Среда, 17 Октябрь 2018 07:07

Түркістан облысы: Келес ауданында «МӘМС» туралы заңның талаптарын түсіндіруге арналған жиын өтті

16 қазан күні Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалы және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы сондай-ақ Келес ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 80 қадамын, ҚР Президентінің 10.01.2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауының 7 бағытында көрсетілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы өзекті мәселелер, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу жайлы жиын өтті.

Жиынға «Міндетті медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ-ның Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Сейсенбайұлы, Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев, Келес ауданының тұрғындары, жеке кәсіпкерлер, өз-өзін жұмыспен қамтитын азаматтар, әкімшілік қызметкерлері, мұғалімдер, аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлері қатысты. Жиында «Міндетті медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ-ның Шымкен қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Ахмет Сейсенбайұлы баяндама жасап, жиынынға жиналған азаматтардың сұрақ-ұсыныстарын тыңдады.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Read 1209 times